Әйгілі америкалық The Ring журналының сайты орта салмақтағы рейтингтің жаңартылған нұсқасын ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Алдыңғы шығарылыммен салыстырғанда кейбір өзгерістер болды: бұрынғы дәрежелер табелінің жетекшісі Геннадий Головкин рейтингтен шығарылды, ал оның орнын бұрын екінші орында тұрған Жәнібек Әлімханұлы басты. Мейірім Нұрсұлтанов жетінші орыннан алтыншы орынға көтерілді.
The Ring нұсқасы бойынша орташа салмақтағы ең мықты 10 спортшы тізімі келесідей:
- Жәнібек Әлімханұлы (Қазақстан),
- Карлос Адамес (Доминикан Республикасы),
- Эрисланди Лара (Куба),
- Сергей Деревянченко (Украина),
- Крис Юбэнк (Ұлыбритания),
- Мейірім Нұрсұлтанов (Қазақстан),
- Элайджа Гарсия (АҚШ),
- Феликс Кэш (Ұлыбритания),
- Лиам Смит (Ұлыбритания),
- Хамза Шираз (Ұлыбритания).
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу