Жәнібек Әлімханұлы титулдық жекпе-жекте Корианы жеңді

757

Жәнібек қарсыласына ізбе-із жойқын соққыларын бағыттап, нокаутқа жіберді. 

Жәнібек Әлімханұлы титулдық жекпе-жекте Корианы жеңді

Бүгін таңертең Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының (8-0, 4 КО) жекпе-жегі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандықтың қарсыласы аргентиналық Гонсало Кориа болды. Жәнібек жекпе-жекті белсенді бастады. Қарсылас қарсы шабуылда әрекет етуді жөн көрді. Екінші раундта Жәнібек қарсыласына ізбе-із жойқын соққыларын бағыттап, нокаутқа жіберді.

Бұл жеңіс Жәнібек Әлімханұлы үшін проф-рингтегі 9-шы болды. Бесінші шайқасында мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Сондай-ақ WBC Continental Americas және WBO Global орта салмақтағы титулдарын қорғады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу