Жәнібек Әлімханұлы WBC рейтингіндегі үздік 5 спортшының қатарына енді

473

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) халықаралық WBC рейтингіндегі орнын жақсартты, деп хабарлайды, ҚазАқпарат Sports.kz порталына сілтеме жасап.  

Жәнібек Әлімханұлы WBC рейтингіндегі үздік 5 спортшының қатарына енді

WBC рейтингінің жаңартылған нұсқасында қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы 72,6 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ТОП-5 боксшының қатарына енді. Өткен аймен салыстырғанда Жәнібек бір сатыға жоғарылап, рейтингтің бесінші қатарына көтерілген. Рейтингтің көшін бұрынғыша Сауль Альварес бастап тұр.

Еске сала кетсек, Әлімханұлы орта салмақтағы WBO Global чемпиондық белбеуінің иегері. Ол өзінің соңғы жекпе-жегін қыркүйекте өткізіп, аргентиналық боксшы Гонсало Корияны (16-4, 6 КО) екінші раундта нокаутпен жеңген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу