Бұл туралы Қазақстанның кәсіби бокс жаңалықтары Instagram парақшасынан мәлім болды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы.
Желідегі ақпаратқа қарағанда, 27 маусым, жексенбі күні қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5КО) өзінің карьерасындағы ең басты кездесуін АҚШ-та өткізеді.
Лас-Вегаста (Невада штаты) Жәнібек WBА нұсқасы бойынша экс әлем чемпионы АҚШ өкілі Роб Брантпен (26-2, 18КО) кездеседі. Кездесудің тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 08:00-де басталады және "Хабар" телеарнасынан көрсетіледі.
Айта кетейік, Жәнібек өзінің соңғы кездесуін өткен жылдың қазан айында Лас-Вегаста өткізіп, аргентиналық Гонсало Корианы (16-4, 6КО) екінші раундта нокаутқа түсірген болатын.