Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы анықталды

1018

26 жастағы боксшы орта салмақтағы WBC Continental Americas белбеуін қорғайды.

Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы анықталды

Орта салмақта өнер көрсететін қазақ боксшы Жәнібек Әлімханұлының (7-0, 3 КО) 9 қараша АҚШ-тың Фресно қаласында өтетін бокс кешіне қарсыласы анықталды, деп хабарлайды  vesti.kz. 

Аllboxing.ru порталының хабарлауынша, 26 жастағы қазақстандық боксшы орта салмақтағы WBC Continental Americas белбеуін нигериялық Альберт Онолуносеге қарсы жекпе-жекте қорғайды. Африкалық кәсіпқой 24 жекпе-жегінде жеңіске жетіп (8 нокаут), екі кездесуінде жеңілген және бір рет тең түскен. 

17 тамыз Лос-Анджелесте өткен соңғы жекпе-жегінде Жәнібек бесінші раундта канадалық Стюарт МакЛелланды нокаутқа түсіріп, орта салмақта WBC Continental Americas және WBO Global белбеулерін қорғап қалған еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу