Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (5-0, 2 КО) келесі жекпе-жегін 12 сәуірде АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында Staples Center аренасында өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл кештің басты кездесуінде жеңіл салмақта WBA (Super) және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы украиналық Василий Ломаченко (12-1, 9 КО) ұлыбританиялық Энтони Кролламен (34-6-3, 13 КО) жұдырысқтасатын болады.
BoxRec мәліметінше, сегіз раундтық кездесуде Әлімханұлының қарсыласы мексикалық 27 жастағы Кристиан Оливас (16-4, 13 КО) болады. 2018 жылы қыркүйекте Оливас АҚШ-та бірінші рет жұдырықтасты. Осыған дейінгі екі кездесуінде жеңілген. Бірақ мексикалық боксшы спорттық мансабында бірде-бір рет мерзімінен бұрын жеңіліп көрмеген.
25 жастағы Әлімханұлы АҚШ 2018 жылдың қыркүйегінен бері үш жекпе-жек өткізіп үлгерді. Ол барлығында да жеңіске жетті. Соңғы жекпе-жегінде (2 ақпанда) ол америкалық Стивен Мартинесті (18-5, 13 КО) нокаутқа түсірді.
Айта кетейік, Әлімханұлы мен Ломаченко Top Rank компаниясы мен Эгис Климас есімді менеджермен жұмыс істейді.