Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегінің уақыты белгіленді

1345

Қарсыласының есімі әзірге белгісіз.

Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегінің уақыты белгіленді

Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой Жәнібек Әлімханұлының (7-0, 3 КО) рингке оралатын күні белгілі болды, деп хабарлайды vesti.kz.

Жеңілмеген қазақ боксшысы келесі жекпе-жегін 7 қарашада өткізеді. Қарсыласының есімі әзірге белгісіз.

26 жастағы Әлімханұлы соңғы рет 17 тамызда канадалық Стюарт МакЛелланмен (27-3-3, 11 КО) жұдырықтасып, бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңген еді. Осылайша, ол WBO Global және WBC Continental Americas белбеулерін алғаш рет қорғады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу