"Жәнібектің әкесі болуым мүмкін": Қымбат Досжан ДНҚ тапсырған ер азамат туралы айтты

3820

Анасын іздеген Бельгиядағы қазақ баласына қатысты тың деректер шыға бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Жәнібектің әкесі болуым мүмкін": Қымбат Досжан ДНҚ тапсырған ер азамат туралы айтты Фото: Әлеуметтік желіден

"Бармысың бауырым" бағдарламасының жүргізушісі Қымбат Досжан әлеуметтік желіде ер азаматтардың да ояна бастағанын жазды.

"Мен, Жәнібектің әкесі болуым мүмкін. ДНҚ анализ тапсырайыншы, деп бір Бауыржан есімді азамат хабарласты. Бүгін Әсел Асқарқызымен бірге клиникаға барып, Бауыржан қан тапсырды. Енді нәтижесін күтеміз", – деп жазды Қымбат Досжан.

Бұған дейін ол Жәнібектің анасы болуы мүмкін деген 10 әйел зерттеу нысанына алынғанын хабарлаған болатын.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу