"Бармысың, бауырым?" хабары арқылы шетелдіктер асырап алған екі бала өз туғанын тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Бармысың, бауырым?" хабарының өткен санында Роза Багусова есімді кейіпкер оқиғасын баяндап, ата-анасын іздеп келгенін жеткізген еді.
"Араға апта салып тікелей эфирден Розаның анасы да, әкесі де табылғанын хабарлап отырмыз. Роза эфирге келуге тиіс еді. Алайда, белгілі себептермен жолға шыға алмаған екен.
Анасы мен әкесі оңаша кездесуді жөн деп тапты. Солай болса да Розаның әкесінің туысы студияға келіп Розамен тілдесті", - деді Қымбат Досжан.
Бұл екі бала - Роза және Нұрлан. Арқалық қалалық балалар үйінен қос қазақ баласын шетелдік отбасы асырап алынған.
Қымбат Досжанның айтуынша, екеуі екі түрлі отбасынан шықса да бір отбасыға түсіп, ағалы-қарындастай өскен.
Розаның анасы да, әкесі де табылған. Студияға бойжеткеннің туысы келген. Ал Нұрланға туған анасымен тілдесетіндей мүмкіндік туған.