Жанқош Тұрар мен Әнару Құрманәліге қатысты жаңа деректер пайда болды

1521

Боксшы өзінің үстінен арыз жазған қызды есірткіге тексертпек.

Жанқош Тұрар мен Әнару Құрманәліге қатысты жаңа деректер пайда болды Фото: коллаж inbusiness.kz

Кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровтың адвокаты Самат Мамұтов баспасөз конференциясында даулы сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Әнаруды сотқа беру үшін соталды тергеу ісі аяқталуы керек. Себебі қазір оны сотқа берсек те, соталды тергеу ісінің аяқталуын күтуіміз керек. Одан кейін біз сотқа береміз", - деді ол журналистерге өткізген пресс-конференцияда. 

Сондай-ақ ол есірткі мен ішімдікке қатысты тест тапсырылғанын айтты.

"Құқығымыз бірдей, сондықтан тек жәбірленушінің сөзі, не желіде тараған ақпаратқа сүйеніп оны күдікті деп тануға болмайды. Іс бойынша дәлелдемелер жиынтығы болуы керек. Сараптамалар, бейнежазбалар болуы керек. Соталды тергеп-тексеру басталды, сараптамалар тағайындалды. Психотропты, алкогольге қатысты тест тапсырылды, бәрі таза деп көрсетілді", - дейді ол. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу