Жанқош Тұраров WBO чепмионы атанды

1756

Қазақстандық былғары қолғап шебері Жанқош Тұраров Нұр-Сұлтан қаласында өткен бокс кешінің басты кездесуінде аргентиналық Мауро Годоймен жұдырықтасты.

Жанқош Тұраров WBO чепмионы атанды

Жекпе-жек 3 раундқа жалғасып, отандасымыздың жеңісімен аяқталды. Осылайша, Жанқош Тұраров бірінші жартылай орта салмақта WBO тұжырымы бойынша Intercontinential чемпионы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.







Еске салайық, кәсіпқой бокста 2 жылға жуық жекпе-жек өткізбеген Жанқош Тұраров маусым айында шаршы алаңға жеңіспен оралған болатын. Кардиффте ганалық боксшы Ричмонд Джарбенгпен жұдырықтасып, қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді. 

Сондай-ақ бұл кеште өзге қазақстандық боксшылар шаршы алаңға шықты. Атап айтқанда Сұлтан Зәуірбек Грузиядан келген Георгий Гачечеладзені жетінші раундта техникалық нокаутпен жеңсе, Әли Балоев бразилиялық Хэмилтон Вентураны алтын раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен ұтты.

Ал "Қазақ королі" деген лақап атпен танымал Виктор Коточигов мексикалық Хайро Лопестен басым болып, жеңіл салмақта бос болған WBC International белбеуін иемденді. 







Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу