Жанни Инфантино ФИФА президенті болып қайта сайланды. Шешімді ФИФА конгресінің делегаттары қабылдады, деп хабарлайды olympic.kz.
Бұдан бұрын олар ұйым кеңесінің қағаз түрінде дауыс беруден бас тарту ұсынысын қолдап, Инфантиноны аккламация жолымен қайта сайлады, оның кандидатурасын қошеметпен қолдады.
Ол ФИФА басшысы лауазымына жалғыз үміткер болды, сайлау баламасыз негізде өтті.
Инфантино ұйымды 2016 жылдың ақпанынан бастап Иозеф Блаттер кеткелі басқарады.
Конгреске Қазақстан футбол федерациясының басшылығы да қатысты. Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділбек Жақсыбеков Джанни Инфантиноны жаңа мерзімге қайта сайлануымен құттықтап, бүкіл әлем футболының дамуына табыс тіледі.