Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан қоржынына екінші медаль түсті деп хабарлайды Olympic.kz.
73 келіде белдескен Жансай Смағұлов ақтық сында жапониялық Соичи Хашимитомен күрескен болатын. Тартысты кездесуде Жансай қарсыласқа "ваззари" әдісімен жол берді.
Финалға дейін Жансай Смағұлов Молдова, Оңтүстік Корея, Канада, Грузия және Тәжікстан спортшыларын жеңді.
Айта кетелік, бұл Смағұловтың биылғы маусымдағы алғашқы жүлдесі. Ал осыған дейін 60 келіде белдескен Елдос Сметов турнирдің қола жүлдегері атанды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу