Жансақтау бөлімінің жүктемесі 6% қысқарды – Алексей Цой

951

Екі апталық локдаун режимінің нәтижесі жарияланды. 

Жансақтау бөлімінің жүктемесі 6% қысқарды – Алексей Цой

Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус инфекциясының таралуына тосқауыл қою үшін енгізілген 14 күндік шектеу шараларының қорытындысына қатысты мәлімет берді.   

"Жүргізілген жедел шаралардың арқасында 2 аптаның ішінде мынадай оң нәтижелерге қол жетті: тәулігінде коронавирус жұқтыру өсімі 4% 2,1% азайды. COVID -19 ауруынан жазылғандардың саны 60%-ға жетті. Жедел жәрдем шақыру 23% төмендеді. Провизорлық төсек-орындардың жүктемесі  – 20%, жансақтау бөлімінің жүктемесі 6% қысқарды", – деді Алексей Цой Үкімет отырысында.

Министрдің мәлімдеуінше, қазір арнайы жүк порттарының тасымалын арттыру арқылы дәріханаларды дәрі-дәрмекке толтыру жұмысы жүріп жатыр. 

"Өңірлерде арнайы тұрақтандыру қоры құрылды. Амбулаториялық дәрі-дәрмек тізімін кеңейту жұмысы қолға алынды. Дәрі-дәрмектің 1 айлық қоры жасақталып жатыр. Осы жылдың 22 шілдесіне дейін еліміздегі медициналық ұйымдар бір айлық дәрі-дәрмек қорымен қамтамасыз етіледі", – деді Алексей Цой.

Қанат Махамбет
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу