Асхат Аймағамбетов Семейдегі мұғалімнің оқиғасына қатысты пікір білдірді

Қазіргі Мәжіліс депутаты, экс-министр Асхат Аймағамбетовтің сөзінше, қазір мұғалімдерді міндетіне жатпайтын жұмыстарға жұмсауға қатаң тыйым салынған.

Асхат Аймағамбетов Семейдегі мұғалімнің оқиғасына қатысты пікір білдірді Фото: inbusiness.kz

Ол ұстаздарды мәжбүрлеу секілді ескі "дәстүрлерден" бас тарту керек деп есептейді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

– Семей қаласында мұғалімдерді жаңажылдық шыршаны орнатуға тартып, соның салдарынан бір мұғаліміміздің ауыр жарақат алғаны алаңдатты. Мұндай жағдайды жай ғана "жаңсақтық" деп қарастыруға болмайды.

"Педагог мәртебесі туралы" заңның 6-бабында нақты көрсетілген: мұғалімдерді кәсіби міндеттеріне жатпайтын жұмыстарға тартуға қатаң тыйым салынады.

Жаңа жылдық шырша орнату, көше тазалау, басқа да науқандарға мәжбүрлеп тарту сияқты ескі "дәстүрлерден" біржола бас тартуымыз керек. Бұл – заңды өрескел бұзу, – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Депутат өз сөзінде жарақат алған әріптесіне денсаулық тіледі. Сонымен қатар, министрліктің бұл мәселені бақылауға алғаны үміт сыйлайтынын жеткізді. "Осы оқиға бойынша нақты шаралар қажет" деген А.Аймағамбетов сөзін былайша жалғады. 

– Біріншіден, облыс басшылығы бұл жағдайды мұқият тергеп, жауапты тұлғаларды жазалауы тиіс.

Екіншіден, мұғалімдерге тікелей міндетіне жатпайтын жұмыстарға тартуды тоқтату үшін министрлік бақылауды күшейтуі қажет.

Үшіншіден, білім басқармалары мен мектеп әкімшіліктері мұғалімдердің құқықтарын қатаң сақтау бойынша міндеттерін орындауы тиіс.

Мемлекет басшысы әрдайым мұғалімдердің мәртебесін қорғау мен олардың құқығын сақтау мәселесін ерекше назарда ұстап келеді. Біздің міндетіміз – сол талаптарды орындап, заңның жұмыс істеуін қамтамасыз ету, – деді министр. 

Еске салайық, бұған дейін Семейдегі оқиғаға байланысты білім бөлімі басшысының жұмыстан шығарылғанын жазған едік. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу