Жансая Әбдімәлік Алматы мәслихатындағы жұмыс жоспарымен бөлісті

1185

Әлеуметтік-мәдени даму, жастар және қоғамдық коммуникация комиссиясының мүшесі, қазақстандық шахматшы, халықаралық спорт шебері және әйелдер арасындағы гроссмейстер Жансая Әбдімәлік жаңа қызметінде жастарды қолдауға баса назар аударатынын айтады.  

Жансая Әбдімәлік Алматы мәслихатындағы жұмыс жоспарымен бөлісті

"Мен зияткерлік спортта ғана емес, жалпы Қазақстан спортында да көптеген мәселелер бар екенін білемін. Жастардың елден кетпеуіне және өз Отанында жұмыс істеуіне жағдай жасау керек",  - деді Жансая Әбдімәлік.

Оның айтуынша, жастарды қолдау дарынды азаматтарды елден кетпеуге, керісінше Отанына оралуға ынталандырады.

"Ең алдымен-жастарға қолдау көрсеткім келеді. Менің мәслихатқа келу себебім жастардың өкілі ретінде оларды жақсы түсінемін, біз ортақ тіл табысып, осы мәселелердің бәрін шешетін боламыз", - деді ол.

Осылайша Жансая Әбдімәлік мәслихат құрамында 2 бағыт – зияткерлік спортты дамыту және жастар саясатын қолдау мәселелеріне атсалыспақ.

Естеріңізге сала кетейік, 15 қаңтарда Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жаңа мәслихат депутаттарымен алғашқы кездесу өткізіп, шаһардағы өзекті міндеттерді атап өткен болатын. Оның ішінде жұмыс орындарын құру, ШОБ-ты қолдау, өмір сүру сапасын арттыру және экология мен әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту бар.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу