Жансая Әбдімәлік енді ересектер арасындағы әлем чемпионатына қатысады

754

Қазір ол әлем чемпионаты алындағы соңғы дайындықтарын пысықтап жатыр.

Жансая Әбдімәлік енді ересектер арасындағы әлем чемпионатына қатысады

Қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік енді ересектер арасында өнер көрсетеді, деп хабарлайды 24.kz.

18 жастағы алматылық ару қазір әлем чемпионаты алындағы соңғы дайындықтарын пысықтап жатыр. Ерекшелігі сол, ол жаттығу жұмыстарын ерлер құрамасымен бірге өткізеді екен.

Жансая дайындық барысы мен алдағы жоспарлары жайыда "Sports Nation" бағдарламасындағы бөлісті. Әңгіме барысында шахматтан бөлек колледждегі оқуы мен балық аулауға деген ерекше қызығушылығы туралы да айтты.

"Биыл алғаш рет ересектер арасындағы әлем чемпионатына қатысамын. Байрақты бәсеке қараша айында өтеді. Сондықтан қазірден бастап қызу дайындыққа кірістім. Мен ересектер арасында әлем чемпионы атануды бала кезден армандаған едім. Енді, міне, сол арманға апарар алғашқы мүмкіндігімді сынап көремін", - дейді Жансая Әбдімәлік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу