Жансая Әбдімәлік Индияда өтіп жатқан 2022 жылғы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында бірінші тақтада қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі "Спорт Шредингера" телеграм арнасына сілтеме беріп.
Екінші тақтада Бибісара Асаубаева төртінші орыннан көрінді.
Әйелдер құрамасы:
Жансая Әбдімәлік (22 жаста) - бірінші тақта, 3-орын
Бибісара Асаубаева (18 жаста) - екінші тақта, 4-орын
Ксения Балабаева (17 жас) - үшінші тақта, 16-орын
Гүлісхан Нахбаева (31 жаста) - төртінші тақта, 11-орын
Назерке Нұрғали (18 жаста) - бесінші тақта, 8 ойыннан аз ойнады
Ерлер құрамасы:
Ринат Жұмабаев (33 жаста)-алғашқы тақта, топ-20 қатарына енбеген
Әлішер Сүлейменов (22 жаста) - екінші тақта, 13-орын
Муртас Кажгалеев (49 жаста) - үшінші тақта, 8 ойыннан аз ойнады
Арыстанбек Оразаев (24 жаста) - төртінші тақта, 18-орын
Қазыбек Нөгербек (18 жаста) - бесінші тақта, 19-орын