Санкт-Петербургте жылдам шахматтан (рапид) Әлем чемпионаты аяқталды. Оның қорытындылары бойынша, Жансая Әбдімәлік пен Динара Сәдуақасова жылдам шахматтан Әлем чемпионатының үздік ондығына кірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жансая 8,5 ұпай жинаған. Бұл оған 6-орынды иеленуге мүмкіндік берді. Өз кезегінде, Сәдуақасова 8 ұпай жинады. Спортшылардың үздік ондыққа кіруіне осының өзі жеткілікті болды.
Айта кетейік, бүгін Санкт-Петербургте шахматтың блиц түрінен Әлем чемпионаты басталады. Ол екі күнге созылады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу