Қазақстанның мәнерлеп сырғанаушы жұбы халықаралық турнирде алғаш рет өнер көрсетеді, деп хабарлайды sputniknews.kz.
Жансая Адыханова мен Әбіш Байқанов Эстонияда 26 қараша мен 2 желтоқсан аралығында өтетін Tallin Trophy-2018 жарысында еліміздің намысын қорғайды.
Бас бапкер Құралай Ұзырова айтып өткендей, мәнерлеп сырғанаушы Жансая Адыханова былтыр қысқы Универсиадада жеке разрядта қатысқан.
"Уақыт өте келе Жансая мен Әбішті жұп қылуға шешім қабылдадық. Жансаяның өзі ниет білдіргеніне қуанамыз. Олардың болашағы бар", — дейді Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу