Жансейіт Түймебаев шетелдік қоғам белсенділерімен кездесті

784

Өңір басшысы меймандардың ұсыныс-тілектерін толықтай қолдайтынын айтып, болашақта бірлесе жұмыс істеуге шақырды. 

Жансейіт Түймебаев шетелдік қоғам белсенділерімен кездесті

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев "Мир через духовность" қоғамдық ұйымы кеңесінің Ресей мен Қазақстандағы өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі. 

Басқосуда тараптар таяуда Сайрам ауданында Англия мен Америкадан келген жоғары дәрежелі дәрігерлердің қатысуымен ұйымдастырылған халықаралық еріктілер лагері мен халықаралық медициналық конференцияның өткізілуіне байланысты сөз қозғап, медицина саласындағы әрмен қарайғы ынтымақтастық мәселесі туралы әңгімелесті. Жиында халықаралық медицина саласындағы нақты іс-шаралар жоспары егжей-тегжейлі келісіліп, алдағы жоспарлары баяндалды. 

Сондай-ақ, отырыста шетелдік қонақтар облыс басшысына шетелдік ғалымдардың қатысумен халықаралық мәдени, халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларды Түркістан облысында ұйымдастыру бойынша ұсыныстарын жеткізді. 

Өз кезегінде, өңір басшысы меймандардың ұсыныс-тілектерін толықтай қолдайтынын айтып, болашақта бірлесе жұмыс істеуге шақырды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу