Жансейіт Түймебаевтың ұлы қаза тапты

3408

Алматыда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлы қайтыс болды. Оның бүлікшілер қолынан қаза тапқаны туралы ақпарат осыған дейін тараған болатын. 

Жансейіт Түймебаевтың ұлы қаза тапты

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ректоры Ж.Түймебаевтың ұлының қайғылы қазаға ұшырауына байланысты жалған ақпарат тарамас үшін келесіні хабарлаймыз:

06.01.2022 ж. кешкі сағ.18.35 минут шамасында Алматыда комменданттық сағат басталмас бұрын, Елнар Н.Назарбаев көшесімен жоғары көтеріліп, үйіне қайтып келе жатқан.

Қ.Сәтпаев көшесіне жетпей, қиылыста тоқтап тұрған сәтінде күтпеген жерден көлігіне белгісіз адамдар бірнеше рет оқ атқан.

Ол алған жарақат салдарынан оқиға орнында көз жұмды.

Қазіргі сәтте құзырлы органдар тиісті тергеу амалдарын жүргізуде.

Сондай-ақ 5 қаңтарда Сәкен Битаев есімді азамат бұзақылардың қолынан қаза тапқан. Ол қазіргі кино саласында талантты әрі жас режиссер. Бұл туралы белгілі продюсер, телехикаялар түсірумен айналысатын Толқын Сейдоллақызы айтты.

"Сәкен – менің күйеу балам. Досы екеуі отырған көлікті бүлікшілер тартып алмақ болып шабуыл жасап, оқ жаудырған. Ол – кино саласында көп жылдан бері оператор, монтаж режиссері, дыбыс ркжиссері болып қызмет атқарған еді. Артында 76 жастағы анасы, жары, кішкентай екі қызы қалды. Өте ауыр қаза. Бір әулеттің қорғаны, асыраушысы, жалғыз ұлы дүниеден өтті", – деді продюсер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу