2 және 3 желтоқсан аралығында Манчестерде (Ұлыбритания) таэквондодан Гран-при сериясы турнирінің финалдық кезеңі өтеді. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Olympic.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл жарысқа Қазақстаннан бір ғана спортшы қатысады. Жансель Дениз медаль үшін басқа таэквондошылармен таласқа түседі.
Жансель өзінің 67 килограмнан астам салмағымен әлемдік рейтингте 14-ші орынды иеленіп отыр. Ол Джакартадағы Азия ойындарының күміс жүлдегері және Ханчжоу ойындарының қола жүлдегері.
Айта кетейік, Гран-приде 38 елден 128 спортшы бақ сынайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу