Жансель Дениз тхэквондо федерациясынан 8,7 миллион теңге өндіріп алды

975

Жансель Дениз тхэквондо федерациясынан 8,7 миллион теңге өндіріп алды

Танымал спортшы Жансель Дениз тхэквондо федерациясын сотқа беріп, 24 млн теңге талап еткен. Алайда төреші келісімшарттың бұзылуын заңды деп шешіп, талап етілген соманың бір бөлігін ғана төлеткізді, деп хабарлайды prosports.kz.
Іс материалдары бойынша, 2015 жылы спортшы мен еліміздің тхэквондо федерациясы келісімшарт жасасқан. Дениз ұлттық құрама сапына алынып ел намысын қорғауға келісім берді. Жақсы нәтиже көрсеткен жағдайда оған ай сайын 3 мың доллардан төлену керек-тұғын.  
Рио Олимпиадасындағы сәтсіздік үшін 2016 жылдың тамыз айында федерация Жансельмен келісімшартты бұзды.
Спортшы қыз келісімшарттың біржақты бұзылуын заңсыз деп тануды өтініп сотқа шағымданған. 
Астанадағы Есіл аудандық соты спортшының арыз-шағымын құптап, федерацияны 8,7 млн теңге өтеуге міндеттеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу