Жарақат алғандар арасында қарттар да, балалар бар, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қытайдың оңтүстігіндегі Чжухай қаласында ер адам көлікпен 35 адамды қағып өлтірсе, 43 адамға ауыр жарақат салды. Оқиға спорт орталығының маңында болған.
62 жастағы азаматтың оқиға орнынан қашуға оқталған. Десе де, құқық қорғаушылар оны тез арада ұстаған. Ер адамның көлікте отырғанда-ақ өзіне пышақ жарақатын салғаны анықталып, ауруханаға жеткізген.
Шетелдік БАҚ қайғылы оқиға болған жерде адамдар жиі серуендеп және спортпен шұғылданып жүретінін жазады. Жарақат алғандар арасында қарттар мен балалар бар.
ВВС-дің жазуынша, ер адамның әрекеті жұбайымен ажырасқаннан кейінгі мүлікті бөлуге қатысты болуы ықтимал.
Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалып отыр.