Қытайдың орталығындағы Хунань провинциясының Чандэ қаласындағы бастауыш мектептің алдында белгісіз ер адам көлікпен мектепке кіріп, бір топ оқушыны қағып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Дереккөз мәліметінше, шабуыл жергілікті уақыт бойынша 19 қараша күні таңғы сағат 8-де болған.
Ғаламторда жарияланған бейнежазбаларда қорқып қалған балалардың мектепке қарай жүгіргені, кейбірінің жерге құлап түскені, ал басқаларының көмек сұрап үрейленіп жатқаны көрсетілген.
Қазіргі уақытта шабуыл жасаған адам ұсталып, полиция қамауға алынып, жараланғандар ауруханаға жеткізілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу