Елімізде жыл сайын жануар мен құсты вакцинациялау үшін ветеринарлық препараттар сатып алынады. Биыл да жануарлардың аса қауіпті 19 ауруына қарсы 150 млн астам екпе жасау жоспарланып отыр, деп хабарлайды жауапты министрлік.
Өткен жылы Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті жануарлардың аса қауіпті 17 ауруға қарсы вакцина (оның ішінде құтыру, аусыл, сібір жарасы, оба, пастереллез, туберкуллез, ҰҚМ шешегі, құс тұмауы, нодулярлық дерматит және т.б.) сатып алыпты. Жыл ішінде 140 696 651 жануар мен құс егіліп, "жоспар 100 пайыз орындалған" дейді ведомствоның баспасөз қызметінен.
Ал биыл тиісті жұмыстар ақпан-наурыз айларында басталады.