"Жануарларды қинауға болады. Бірақ видеоға түсіруге болмайды", солай ма?

1150

Сенат депутаттары жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заң жобасын қарады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі. 

"Жануарларды қинауға болады. Бірақ видеоға түсіруге болмайды", солай ма?

Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Сенаттың жалпы отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің халыққа жолдауы кезінде тиісті заң әзірлеуді тапсырғанын айтты. 

Осы әзірленген заң жобасына сүйенсек, жануарларға қатыгездікпен қарауды насихаттауға тыйым салу көзделген. Оның ішінде ақпарат құралдарында да "аянышты" кадрларды жариялауға тыйым салу қарастырылған. 

"Демек қатігездік жасалып жатқаны туралы хабарланған жаңалықта кадрларды беруге болмай ма?". Тілшілер Сенат кулуарында осы сұрақты депутат Мұхтар Жұмағазиевке қойды. 

"Жануарларға жасалған қатігездік видеосы тарап кетсе, балалар да, денсаулығы жоқ адамдар да қарайды. Сондықтан менің ойымша, норма осыны ойлағандықтан енгізіліп отыр. Заңмен қабылданып, жан-жақты зерттелді. Мұндай видеолар қоғамға жағымсыз әсер етуі мүмкін", – дейді ол.

"Аяқ астынан қатігездік жасалып жатқан сәтті видеоға түсіріп алып, хабарлауға болмай ма сонда?", – деген тілшілер сол бойда жауап ала алмады. 

Айта кетейік, аталмыш заң жобасын депутаттар қабылдап, Президентке қол қоюға жіберді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу