Жануарларды вакцинациялауға 66 млн дозадан аса препарат бөлінді

502

Жыл сайын ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті иммунопрофилактикалық іс-шараларды жүргізу қызметі үшін сертификатталған ветеринариялық препараттармен қамтамасыз етеді.  

Жануарларды вакцинациялауға 66 млн дозадан аса препарат бөлінді Фото: gov.kz

Биыл Қазақстанның ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін сақтау үшін ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарда кездесетін аурулардың 23 түріне қарсы вакциналардың шамамен 172 млн дозасы қамтамасыз етілетін болады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

2022 жылы вакциналардың республикалық қоры құрылды, олардың көлемі биыл жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтарға ауылдық елді мекендердің шекарасында немесе шаруа және фермер қожалықтарының фермаларында болған кезде яғни қорада тұрған кезеңінде тиесілі жануарларға көктемгі вакцинацияны жүргізуге мүмкіндік береді.

"Бүгінде жергілікті атқарушы органдарда республикалық қордан бөлінген 66 млн.дозадан астам ветеринариялық препараттар, 20,7 млн. құлақ сырғалары және 10 млн. шприц пробиркалар бар. Сонымен қатар, ветеринарлық зертханалар барлық қажетті диагностикумдармен қамтамасыз етілген", - делінген АШМ хабарламасында.

Қазіргі уақытта барлық ветеринариялық профилактикалық іс-шаралар белгіленген мерзімде жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу