Жануарлардың аса қауіпті ауруларының алды алынбай тұр

632

Ветеринариялық және карантиндік инспекторлар бақылау нысандарын барып тексеруі керек. 

Жануарлардың аса қауіпті ауруларының алды алынбай тұр

Тексерулерді және бақылаудың профилактикалық ветеринариялық, сондай-ақ фитосанитариялық түрлерін мораториден шығару қажет. Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров осылай деді. 

"Ветеринария және фитосанитария саласында қабылданып жатқан шаралармен қатар ашық қалып отырған бірқатар мәселе бар. Мәселе ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық бақылау мен қадағалау жүргізуге байланысты. Біріншіден, тексерулерге мораторий енгізілуіне байланысты жануарлардың аса қауіпті ауруларының, карантиндік объектілердің және аса қауіпті зиянды организмдердің республика аумағында пайда болу әрі таралу жағдайының алдын алу мен жолын кесу мәселесі өзекті болып тұр. Ветеринариялық және карантиндік инспекторлар бақылау нысандарын барып тексеру керек", – деді министр. 

Оның ойынша жағдайды қалпына келтіру үшін тексерулерді және бақылаудың профилактикалық ветеринариялық, сондай-ақ фитосанитариялық түрлерін мораторийден шығару қажет.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу