Жануарларға қатыгездік танытуға қатысты қылмыстар саны 14%-ға артты

1121

2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында жануарларға қатыгездік танытумен байланысты 50 жағдай тіркелді, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 13,6%-ға көп, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Жануарларға қатыгездік танытуға қатысты қылмыстар саны 14%-ға артты

Заңсыз балық аулау, басқа су жануарлары немесе өсімдіктер саласындағы құқық бұзушылықтар тоғыз айда 2,7%-ға 153 жағдайға дейін өсті.

Сирек кездесетін және жоғалып кету қаупі бар, сондай-ақ тыйым салынған өсімдіктер мен жануарларды заңсыз пайдалану жағдайлары бір жыл бұрынғыдан 4%-ға көп тіркелді, бұл – 183 құқық бұзушылық.

Ал заңсыз аңшылық саласындағы құқық бұзушылықтар керісінше жылына 10%-ға, 72 жағдайға дейін төмендеді.

Сонымен қатар жыл басынан бері жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторларға, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың инспекторларына және аңшыларға қатысты 4 зорлық-зомбылық фактісі (бір жыл бұрынғы 5 жағдайға қатысты) тіркелді.

Аймақтар бойынша жануарларға қатыгездікпен байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтардың ең көп саны Алматы облысында тіркелді – 12 оқиға, жылдық өсім – 2 есе. Одан кейінгі орында Нұр-Сұлтан (6 жағдай, өсім жылына 3 рет) пен Шымкент (6 жағдай, өсім – 6 есе) тұр.

Заңсыз аңшылыққа байланысты құқық бұзушылықтар көбінесе осы Алматы облысында тіркелді: 14 оқиға – бір жыл бұрынғыдан 16,7%-ға көп. Одан кейінгі орында Қызылорда (10 жағдай, өсім 2 есе) және Солтүстік Қазақстан (9 жағдай, заң бұзушылық 35,7%-ға азайды) облыстары тұр.

Еске сала кетсек, қазан айында Мәжілістің Экология және табиғатты пайдалану комитеті ұсынған жаңа заң жобасында жануарларды ұстауға, өсіруге және ветеринарлық қызмет көрсетуге қойылатын талаптар қатаңдатылды. Атап айтқанда, әкімшілік (қылмыстық құқық бұзушылық белгілері жоқ жануарларға қатыгездік үшін) және қылмыстық жауаптылық (өлімге әкелген қылмыс үшін жаза) күшейтілді. Енді мұндай әрекеттер үшін 120-дан 200 АЕК-ке дейінгі айыппұл, ал заңды қайталап бұзған жағдайда – 1000 АЕК немесе бір жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде жаза кесілуі мүмкін. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу