Жануарларға қатыгездікпен қарау жағдайлары жиілеген

928

2022 жылдың қаңтар айында жануарларға қатыгездікпен қарау бойынша тіркелген құқық бұзушылықтардың саны 8 жағдайды құрады. 2021 жылы бұл көрсеткіш 5 жағдайды құраған болатын, деп жазады inbusiness.kz  finprom.kz-ке сілтеме жасап.

Жануарларға қатыгездікпен қарау жағдайлары жиілеген Фото: google

Балық ресурстары, басқа су жануарлары немесе өсімдіктерді заңсыз өндіру саласындағы құқық бұзушылықтар саны 11 жағдайға дейін өсті.

Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлардың пайдалануға тыйым салынған түрлерін заңсыз пайдалану саласында 17 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген.

Заңсыз аң аулау саласындағы құқық бұзушылықтардың саны азайып, 12 жағдайды құрады.

Республика бойынша жануарларға қатыгездікпен қарауға байланысты ең көп қылмыстық құқық бұзушылықтар Павлодар облысында тіркелді: 3 жағдай.

Балық ресурстарын заңсыз өндіру саласындағы құқық бұзушылықтар Қарағанды облысында жиі тіркелді: 5 жағдай.

Заңсыз аң аулау бойынша құқық бұзушылықтар Жетісу облысында жиі байқалды: 3 жағдай.

Өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар түрлерін заңсыз пайдалану бойынша құқық бұзушылықтар Ақтөбе облысында байқалды: 4 дерек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу