"Жанұясы бар әншінің бойжеткенмен осындай ән айтуы": Керменбаев өзін сынағандарға жауап берді

2961

Әншінің оқырмандары оны қызу талқылап, пікір қалдырып жатыр. 

"Жанұясы бар әншінің бойжеткенмен осындай ән айтуы": Керменбаев өзін сынағандарға жауап берді Фото: видеодан скрин

Белгілі өнер иесі Нұржан Керменбаев өзінің Instagram парақшасында оқырмандарына арнайы жазба арнады. Бұл туралы inbusiness.kz сайты хабарлайды.

Айта кетсек, бұған дейін әнші Элизат Берікова өзінің Instagram парақшасына Нұржан Керменбаевпен видео жариялаған болатын.

Сонымен қатар, жақында қос әнші "Біздің махаббат" атты әнін жазып, көпшілікке ұсынды.

Алайда, жанұясы бар әншінің бойжеткенмен осындай ән айтуы, әрі Элизатпен түскен видеоларын әлеуметтік желіге жиі жүктеуі тыңдармандар арасында сынға қалды.

Осыдан соң, Нұржан Керменбаев әлеуметтік желідегі парақшасында көпшілікке арнайы жазба қалдырды.

"Тыңдармандарымыз жеке өмірді емес, дәл осылай шығармашылығымызды зерттесе ғой. Жазған әндерімізге мән беріп, сөзін түсініп тыңдаса ғой. Ол жақта да пікір жазуға болатын көп ой жатыр. Өсек пен төсекке қызықпай, шығармашылыққа және одан да артық дүниеге мән берейік, достар! Жеке өмірді өзімізге қалдырыңыздар! Барлығыңызды құшақтадым", - деп жазды әнші.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу