Жанып жатқан үйден қызды құтқарған ер адам мемлекеттік марапатқа ұсынылмақ

203

Ол азамат 40 жастағы қарапайым такси жүргізушісі болып шықты.

Жанып жатқан үйден қызды құтқарған ер адам мемлекеттік марапатқа ұсынылмақ Фото: Бейнежазбадан

Астанада жанып жатқан үйге терезеден кіріп, 15 жастағы қызды құтқарып қалған ер адамның кім екені анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Ешқандай қорғаныш құралдарынсыз 10-шы қабаттағы пәтерге балкон арқылы секіріп кірген азамат 40 жастағы қарапайым такси жүргізушісі болып шықты. Тілсіз жаудың құрсауынан аман-есен шыққан соң, бірден өз жұмыстарымен кетіп қалған оны төтеншеліктер бір күн бойы сабыла іздепті. Көзсіз ерлік жасаған тұрғын енді мемлекеттік марапатқа ұсынылмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу