Жанжалды тоқтатпақ болған тәртіп сақшысы ауруханаға түсті

902

Кентау қаласына қарасты Шорнақ ауылында екі тұрғынның арасында түсінбеушілік орын алып, соңы бұзақылыққа ұласқан. 

Жанжалды тоқтатпақ болған тәртіп сақшысы ауруханаға түсті

Кентау қаласында дау-жанжалды тоқтатпақ болып келген полиция қызметкері тас тиіп, ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Қарагөзова әлеуметтік желіде хабарлады.

Оның сөзінше, Кентау қаласына қарасты Шорнақ ауылында екі тұрғынның арасында түсінбеушілік орын алып, соңы бұзақылыққа ұласқан. Оның бірі бірнеше автокөлікпен жақтастарын ертіп келіп, келіспей қалған ауылдасының үйі мен көршілерінің ауласына қарай тас лақтырған. Жәбірленушінің 3 туысы жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

"Аталған ақпаратты алысымен оқиға орнына алғашқылардың бірі болып, осы аймаққа белгіленген учаскелік полиция инспекторы Нұрлан Құралбаев жеткен. Ол ауыл тұрғындары арасындағы түсінбеушілікті жойып, тоқтатқан. Тұрғындардың қару қолдануына жол бермеген. Осылайша учаскелік полиция инспекторының жедел әрекет етіп, дұрыс жұмыс жүргізгенінің арқасында дау-дамай, бұзақылық тоқтап, адам шығыны болмаған. Алайда, өз қызметін атқару барысында полицей күдіктілер атқан тастан жарақат алып, ауруханаға жеткізілген және оған медициналық көмек көрсетілген",– дейді Салтанат Қарагөзова.

Баспасөз хатшысы жедел-тергеу тобының сол күні-ақ бұзақылыққа қатысы бар 4 тұрғынды ұстағанын, қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатқанын жеткізді

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу