Жапаровтың жақтасы болған Тәшиевтен жауап алынды

159

Ол бір ай бұрын қызметінен босатылған болатын. 

Жапаровтың жақтасы болған Тәшиевтен жауап алынды Фото: Жогорку Кенеш

Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің бұрынғы төрағасы Қамшыбек Тәшиевтен Ішкі істер министрлігінің тергеу қызметінде жауап алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап. 

Басылымның хабарлауынша, шенеунік екі қылмыстық іс бойынша куәгер ретінде шақырылған. Тәшиев тергеушіге адвокатымен бірге кіргені де айтылды.

24.kg басылымының жазуынша, Қамшыбек Тәшиевтен тергеу мәліметін жарияламау туралы қолхат алынған. Тергеу шамамен бес сағатқа созылған. Бұл туралы жергілікті басылымға күштік құрылымдардағы дереккөздер хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, комитеттің бұрынғы басшысы Қырғызстанға бүгін ғана ұшып келген. Тәшиевті әуежайда ұлы Тай-Мұрас қарсы алған. Кейін олар бірге милицияға барған. 

Азаттық радиосының қырғыз қызметінің мәліметінше, Тәшиев "Қыргызнефтегазбен" байланысты жемқорлық ісі және жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру дерегі бойынша (бұл іс президенттің мерзімінен бұрын сайлауын өткізу туралы үндеумен байланысты) куәгер ретінде жауап берген. 

Айта кету керек, бұған дейін қызметінен кеткен Қамшыбек Тәшиев Германиядан мәлімдеме жасағанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу