Жапон ғалымдары қайта қалпына келетін шыны ойлап тапты

1212

Жапон ғалымдары қайта қалпына келетін шыны ойлап тапты

Әдетте шыны шағылған соң қалпына келмейді. Бірақ жапон ғалымдары кері қасиетке ие шынының жаңа түрін ойлап тапты, деп хабарлайды khabar.kz.

Ерекше шыны синтетикалық полимерден тұрады. Мамандар бұл затты желім жасап шығарумен айналысып жатқан кезде кездейсоқ анықтаған. Сөйтіп одан шыны құйып шығуды ұйғарады. Нәтижесінде сынған соң қалдықтарын бір-біріне басып қысса, тез-ақ жабысып қалатын шыны шығады.

Ғалымдардың айтуынша, бұл ерекше шыны толықтай бастапқы қалпына келуі үшін 6 сағат уақыт кетеді екен.

"Жұмсақ, иілгіш материалдан жасалған затты жөндеу оңай. Ал қатты затты қалпына келтіру көбіне мүмкін емес. Мен осылардың әрқайсысының өзіндік қасиетін, артықшылығын пайдаландым", - дейді Токио университетінің ғылыми қызметкері Ю Янагисава.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу