Жапония ханшайымы – жапон императоры Акихито мен патшайым Митиконың бірінші немересі Мако Акисино ханшайым өз титулынан бас тартып, қарапайым азаматқа тұрмысқа шықпақшы. Бұл туралы Daily Mail хабарлады.
Мәлім болғанындай, Мако Акисино өз нақсүйерін императорлық отбасымен таныстырып үлгерген. Өз кезегінде, үлкендер жағы бұл шешімге қарсы болмапты. Алайда, неке тойынан соң ол өз титулынан айырылмақ.
Айта кетейік, қазіргі таңда ханшайым Токио университеті музейінің ғылыми қызметкері болып жұмыс істейді және мәдениеттану мамандығы бойынша докторлық дәреже алғалы жүр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу