Жуырда 32 жылдағы ең жоғары көрсеткіш 151,95-ке жеткен жапон иенасының АҚШ долларына қатысты бағамы 3,7%-ға нығайды.
20 қазан сауда-саттық 1 доллар 147, 65 иена деңгейінде жабылды.
Reuters форекс трейдерлеріне сілтеме жасай отырып, Жапонияның Орталық банкі валюталық интервенциялар жасаған болуы мүмкін деген болжамын жариялады.
“Жапонияның Орталық банкі тым еркін ақша-несие саясатын сақтау үшін өзінің валюталық резервтерін қанша уақыт ысырап ете алады, деген сұрақ туындайды. Өйткені бүгінде әлем елдері инфляциямен күресу үшін ақша-несие саясаттарын қатаңдатуда”, – деп жазды Телеграмдағы Tengenomika арнасының жетекшісі, сарапшы Ғалымжан Айтқазин.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу