Жапонияда қарттар жаппай түрмеге тоғытылып жатыр

247

Бұл елде қарттар арасында ең жиі жасалатын қылмыс түріне ұрлық жатады.

Жапонияда қарттар жаппай түрмеге тоғытылып жатыр Фото: canva.com

Соңғы кезде Жапонияның қарт тұрғындары түрмеге өз еріктерімен түсуге тырысып жүр. Бұл туралы CNN жазады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Басылымның мәліметінше, Күншығыс еліндегі ең ірі әйелдер түрмесі негізінен қарт адамдарға толған. Түрме күзетшілерінің сөзінше, сотталушылар арасында жалғыздық мәселесі өте өзекті, сол себепті олар түрмеде отыруды жөн санайды.

"Кейбірі осында өмір сүру үшін айына 20-30 мың иен (130-190 доллар) төлеуге дайын екенін айтып жатады", – деді әйелдер түрмесінің қызметкері Такаёси Сиранага.

Жапонияда қарттар арасында ең жиі жасалатын қылмыс түрі – ұрлық. 2022 жылы елдегі түрмелерде отырған егде жастағы әйелдердің 80%-дан астамы ұрлық жасағаны үшін сотталған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу