Жапон компанияларының акциялары көтерілді

504

АҚШ пен Еуропада проблемалық банктерді құтқаруға ондаған миллиард доллар жұмсалғаннан кейін әлемге төнген қаржы дағдарысы сәл де болса сейілді.  

Жапон компанияларының акциялары көтерілді Фото: ibtimes.co.uk

Ал инвесторлар мен клиенттерде қаржы ұйымдарына сенім қайта пайда бола бастады, деп жазады inbusiness.kz.

Соңғы мәліметке қарағанда, Азияның акциялар нарығы өсіммен ашылды. Мәселен, бүгін Жапонияның "Никкейі" 0,5 пайызға, Шанхайдың "Композиті" 0,6 пайызға, Гонконгтің "Хансені" 1,2 пайызға, Кореяның "Коспиі" 0,4 пайызға көтерілген.

Айта кетсек, бұл индекстер мыңдаған компанияның құнды қағаздарының орташа бағасын көрсетеді. Ал, Еуропада Швейцарияның "Кредит Сюиз" банкінің акциялары 19 пайызға қымбаттап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу