Қытай мен Қазақстан арқылы Еуропаға жапондық транзиттік контейнерлік тасымалдың даму мүмкіндігі Токио қаласында өткен семинарда талқыланды.
Іс-шарада "Қазақстан темір жолы" АҚ логистикалық блок компаниялардың өкілдері мен Қазақстанның Токиодағы елшілігінің қолдауымен Қазақстанның көлік логистикалық кешенінің артықшылығы мен мүмкіндігі ұсынылды.
Қатысушылар Ляньюнган портынан өтетін жаңа Жібек жолының перспективалы бағыттары мен Қазақстанның логистикалық инфрақұрылымымен танысты.
Ляньюнган портындағы Қазақстан-Қытай терминалы – жапон мен корей жүгі шоғырланатын негізгі нүкте.
Қиыр-Шығыс Азиядан, Шығыс және Оңтүстік Еуропа елдері мен Түркияға жүк тасымалдау қызметін ұсынып отырған Транскаспий халықаралық көлік бағытының дамуы да жоғары әлеуетке ие болды.
"ҚТЖ" АҚ делегациясы Фукуока қаласының әкімдігі мен Хаката портының әкімшілігімен Хаката мен Ляньюнган порттарының фидерлік желілерін пайдалана отырып, жапон тауарын логистикалық тізбекпен сыртқы нарыққа шығаруды ұйымдастыру жайлы келіссөз жүргізді.