Жапон теңіз өнімдерінің Қытайға экспорты айтарлықтай төмендеді

494

Бұған АЭС қалдықтары мұхитқа төгілуі себеп болып отыр.

Жапон теңіз өнімдерінің Қытайға экспорты айтарлықтай төмендеді Фото: РБК

Жапонияның "Фукусима-1" апаттық атом электр станциясымен мұхитқа су ағызу туралы шешімінен кейін Жапонияның Қытайға теңіз өнімдері экспорты 23%-ға төмендеді. 

Бұл туралы Токиода өткен баспасөз мәслихатында Жапон үкіметінің бас хатшысы Хирокадзу Мацуно мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Оның айтуынша, шілде айында материктік Қытайға теңіз өнімдерінің экспорты өткен жылдың сәйкес айымен салыстырғанда шамамен 23%-ға төмендеді, ал Гонконгқа экспорт көлемі шамамен 11%-ға азайған.

"Қытай мен Гонконгтағы импортты бақылау шаралары дұрыс жолға қойылмаған, олардың ғылыми дәлелдерге негізделмегенін айтпасақ та болады. Біз бірнеше рет осы мәселені қайта қарауға тапсырма бердік", — деді Мацуно.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу