Жапондық әуе компания Өзбекстанның тарихи қалаларына рейстер ашуды жоспарлауда

479

Өзбекстанның Туризм және мәдени мұра министрі Азиз Абдухакимов "All Nippon Airlines" (ANA) авиакомпаниясының вице-президенті Джуничира Миягавамен келіссөздер жүргізді.  

Жапондық әуе компания Өзбекстанның тарихи қалаларына рейстер ашуды жоспарлауда

Кездесу өзбек делегациясының Жапонияға сапары аясында өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz nuz.uz порталына сілтеме жасап. 

Жапониядағы өзбек елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылған кездесуде Жапониядан Өзбекстанның тарихи қалаларына тікелей рейстер ашу, Орталық Азия Республикасына жапон туристерінің ағынын арттыру мен туризм саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

Жапон тарапына Өзбекстанның бай туристік әлеуеті мен Республиканың туристік саласында жүргізіліп жатқан түбегейлі реформалар туралы баяндама ұсынылды.

Өз кезегінде Джуничира Миягава Өзбекстанның жапон туристері үшін тартымды ел екенін атап өтті.

Оның айтуынша, соңғы жылдары жапондардың Өзбекстан тарихы мен мәдени мұрасына деген қызығушылығы айтарлықтай өсті.

Тараптар ANA авиакомпаниясының Жапониядан Өзбекстанның Самарқанд, Бұхара және Үргенш туристік қалаларына әуе рейстерін ашу туралы мәселені пысықтауға келісті.

Қазіргі уақытта Uzbekistan Airways әуекомпаниясы Ташкент – Токио – Ташкент бағыты бойынша тұрақты рейстерді жүзеге асырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу