ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінде Жапонияның Қазақстандағы Елшілігі мен жапондық "Sojitz Foods Corporation" және "Senko Farm" компанияларының өкілдерімен кездесу өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Кездесудің негізгі тақырыбы – Қазақстандық жылқыларды Жапонияға экспорттау мәселелерін, ветеринариялық-санитариялық бақылау мәселелерін қоса алғанда, тірі жылқыларды экспорттау үшін хаттаманы келісу рәсімдерін талқылау болды.
Қазақстандық тарап ынтымақтастыққа және экспортта жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендігін атап өтті.
Тараптар жедел ақпарат алмасудың және халықаралық стандарттарды қатаң сақтаудың маңыздылығын атап өтті.