Жапондық компанияларға арнайы және индустриялды аймақтарда жобаларын жүзеге асыру үшін алаң ұсынуға дайынбыз – Назарбаев

1050

Жапондық компанияларға арнайы және индустриялды аймақтарда жобаларын жүзеге асыру үшін алаң ұсынуға дайынбыз – Назарбаев

Қазақстан арнайы және индустриялды аймақтарды жапон компанияларының басқаруына беруге дайын. Бұл туралы бүгін Жапонияның жетекші бизнес өкілдерімен кездескен ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды "ҚазАқпарат"  ХАА.

Мемлекет басшысы Қазақстанда 10 арнайы экономикалық аймақ және 20 индустриялды аймақ жұмыс істейтіндігін атап өтті. АЭА қатысушыларына жеңілдіктер мен рұқсат беру процедураларын оңайлату топтамалар ұсынылса, ал индустриялды аймаққа қатысушыларды мемлекет қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ететіндігін айтты.

"Біз жапондық компанияларға арнайы және индустриялды аймақтарда жобаларын жүзеге асыру үшін алаң ұсынуға дайынбыз. Мұнан бөлек, мұндай аймақтарды жапондық компаниялардың басқаруына беру мүмкіншілігіміз де бар", – деді Назарбаев.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті "ЭКСПО-2017" дүниежүзілік көрмесі алаңында Астана халықаралық қаржы орталығы құрылғандығын, оның Нью-Йорк, Сингапур, Дубай сынды қаржы орталықтарының  ең үздік тәжірибесін өзіне сіңіргендігін айтты. "Бізде ол орталық үшін арнайы заң қабылданған. Ағылшын құқығы қолданылады, іс ағылшын тілінде жүргізіледі. Сонымен қатар біздің жетекші қаржы орталықтары ретіндегі Токионың да тәжірибесі қызықтырады", – деді Елбасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу