Жапонның көлік өндіруші Nissan Motor компаниясының атқарушы директоры Карлос Гон қызметінен кетпекші, оның орнына компанияның топ-менеджері Хирото Саикава отырады, деп хабарлайды РИА Новости.
"Mitsubishi Motors-та жаңа міндеттер ала отырып және Nissan акционерлерінің алдағы жалпы жиналысын ескеріп, Хирото Саикаваның менің Nissan-дағы атқарушы директор қызметімді алмастыратын уақыты жетті деп шештім", – делінген компанияның ресми сайтында жариялаған Гонның сөзінде. Саикава бұл міндетке 1 сәуірде кіріседі.
Nissan Motor – Жапониядағы ірі көлік өндірушілердің бірі. Ол Renault-Nissan альянсы құрамына енеді. Компанияның штатында 247,5 мыңдай адам бар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу