Жапондық жеке модульдің айға қонуы сәтсіз аяқталды

539

Ispace әзірлеуші компаниясы Hakuto-R құрылғысы болжамды уақытта байланысқа шықпағаннан кейін Айға отыру барысында апатқа ұшырағанын мойындады. 

Жапондық жеке модульдің айға қонуы сәтсіз аяқталды Фото: iXBT.com

Бортында Біріккен Араб Әмірліктерінің Rashid ай бетінде жүретін құрылғысы болған жапондық Hakuto-R ай модулі Айдың бетіне қатты қону барысында апатқа ұшыраған болуы мүмкін. Модульді әзірлеген SpaceX компаниясы апат жайлы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Hakuto-R Айға қонған алғашқы коммерциялық модуль болуы керек еді. Ол 2022 жылдың желтоқсанында АҚШ-тың SpaceX компаниясының Falcon 9 зымыран тасығышының көмегімен Канаверал мүйісінен ғарышқа ұшырылды. 2023 жылдың наурызында өлшемі 2 X 2,5 метр және салмағы 340 кг болатын аппарат Ай орбитасына жетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу