Жапония 22 қаңтардан бастап украин саперлерін оқытуды бастайды

705

Жапония билігі Киевке көмек көрсету аясында 22 қаңтардан бастап ел аумағында украин саперлеріне арналған тренингтер ұйымдастырады. 

Жапония 22 қаңтардан бастап украин саперлерін оқытуды бастайды

Бұл туралы Inbusiness.kz Kyodo ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оның айтуынша, Токио украиналықтарға төрт жапондық мина іздейтін құрылғы береді, сонымен қатар оларды пайдалануға үйретеді. Сонымен қатар, Жапония билігі алдағы бірнеше айда украиналық саперлерді оқытуды үшін өз мамандарын Польшаға жібермек.

Агенттіктің ақпаратына сәйкес, 15-20 қаңтар аралығында Камбоджа билігі Жапония Үкіметінің қолдауымен патшалық аумағында сегіз украиналық мамандарды минадан тазартуға үйрету бойынша іс-шаралар өткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу