Жапония 50 жылда алғаш рет шет мемлекеттерге қару сату ережелерін өзгертті

120

Бұл күншығыс елінің соғыстан кейінгі бейбітшіл саясатынан бас тартқанын білдіреді.  

Жапония 50 жылда алғаш рет шет мемлекеттерге қару сату ережелерін өзгертті Фото: armiya.az

Жапония екінші дүниежүзілік соғыстан кейін алғаш рет қару-жарақты шетелге сатуға салынған тыйымды алып тастады.

Сейсенбі, 21 сәуірде Жапония Премьер-министрі Санаэ Такаити заңнамаға енгізілген түзету кез келген қаруды экспорттауға жол ашатынын мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Осылайша Жапония 50 жылда алғаш рет шет мемлекеттерге қару сату ережелерін өзгертті. Оған сай, әскери кемелер, зымырандар мен басқа да қару-жарақ түрлері экспортына шектеу алынып тасталды. Бұл қадам елдің қорғаныс-өнеркәсіп базасын нығайтуға бағытталған. Токио соғыстан кейінгі пацифистік шектеулерден біртіндеп бас тартып жатыр.

"Рейтер" агенттігінің ақпаратына сай, Филиппин аралдары алғаш болып Токиодан қолданыстағы әскери кемелерді сатып ала бастайды. Польша да Жапониядан қару импорттауға ниет танытқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу